Обучение фокусируется на приобретение практических навыков в наших учебных лабораториях.
Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
Аудандық Олимпиада
2025 жылғы 4 желтоқсанда лицейде 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиадаға барлығы 7 -8 сыныптың 68 оқушысы қатысты. 11 пән бойынша 30 тест тапсырмасы беріледі, «информатика» пәні бойынша тапсырмалар компьютерлерде орындалды.
2025 жылдың 21 қараша күні бірлескен жоспарына сәйкес Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІ учаскелік аға полиция инспекторы Полиция майоры Мухамеджанова Арайлым Айдарқызының қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар білім алушыларға ең алдымен жолда жүру ережелері туралы, мектепке ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тауарларын сатуға тыйым салу туралы, зорлық-зомбылық, буллинг, кебербуллинг бойынша дәріс өткізді.
Оқушылардан кері байланыс ретінде сұрақтар қойылды.
Қамқоршылық кенесінің және мектеп әкімшілігінің асханадағы тамақ сапасын және сан-гигиеналық талаптарын орындалуының тексеру барысы. Бракераждық комиссия.
📢📢📢Сүйінші !!!Мамыр айының 9-11 күндері Тараз және Шымкент қалаларында Республикалық «Kazakhstan Bilim Olympiad» KBO – 2019 финалы өтті. Лицейіміздің атынан 30 оқушы финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша 21 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
Гуманитарлық пәндер бағыты бойынша Тараз қаласы.
🇬🇧 АҒЫЛШЫН ТІЛІ:
🥇 1-орын – Мысанов Арғын (8-Б сыныбы)
🥈 2-орын – Амантай Исмаил (8-Б сыныбы).
🇹🇷 ТҮРІК ТІЛІ🥉 3-орын – Аблай Амир (8-А сыныбы).
Павлодар қаласында 2019 жылдың 4-6 қаңтар күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық 57-ші олимпиада өтті.
Лицейіміздің атынан 28 оқушы қатысып 13 оқушымыз жүлделі орынмен оралды.
1-орын 🥇 Воробьев Валерий Информатика, 10-сынып.
🥇 Алмабек Абдульали Биология, 10-сынып.
2-орын. 🥈Сайлаубаев Мухамедияр Тарих, 9-сынып
🥈Курмашев Серік Математика, 10-сынып
🥈Мысанов Арман Информатика, 8-сынып
🥈Толегенов Айтуар Биология, 10-сынып