Сол мәзір

Оң мәзір

  • Қорытынды аттестаттау-2025

    Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

    1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

    2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

    Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

    Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары

    Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы

    Өткізу мерзімі:

    9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;

    11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында.

    9 (10)-сынып оқушылары үшін:

    1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 29 мамыр;

    2) қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2 маусым;

    3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын тілі), информатика) – 2025 жылғы 5 маусым;

    4) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 10 маусым;

     

    11 (12)-сынып оқушылары үшін:

    1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;

    2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 3 маусым;

    3) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 6 маусым;

    4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын тілі), информатика) – 2025 жылғы 12 маусым;

    5) қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 13 маусым.

     

    Емтихан материалдарын дайындау

    9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары) дайындайды, орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) дайындайды.

    Қорытынды аттестаттаудан босату

    9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

    1) денсаулық жағдайына байланысты (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген №026/у нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы);

    2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдаухаты);

    3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар ("Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушылардың оқу үлгерімі табельдерінің (бұдан әрі – табель) түпнұсқасы және көшірмесі. Табельдердің түпнұсқалары оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады);

    4) жақын туыстарының қайтыс болуы (жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік).

    Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылады 

    Емтихан қорытындысы бойынша:

    • 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
    • Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
    • Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты беріледі.

     

     

  • Өзін-өзі бақылау 2024-2025 оқу жылы

  • Аудандық Олимпиада

    Аудандық Олимпиада

    2024 жылғы 7-8 ақпанда лицейде  7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

            Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

            Олимпиаданың негізгі мақсаты- жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

           Олимпиадаға  барлығы 7 -8 сыныптың  68 оқушысы қатысты. 11 пән бойынша 30 тест тапсырмасы беріледі, «информатика» пәні бойынша тапсырмалар компьютерлерде орындалды.

           Олимпиада  қорытындысы бойынша:  І орын  - 20 оқушы;  ІІ орын -18  , ІІІ орын -13 .

          Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу құқығын алады.

          Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.

    ПРОТОКОЛ 7- 8 кл

  • Бір сағаттық құқықтық білім


       2023 жылдың 21 желтоқсан күні бірлескен жоспарына сәйкес Екібастұз қаласы  ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІ учаскелік аға полиция инспекторы Полиция майоры Мухамеджанова Арайлым Айдарқызының  қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар білім алушыларға ең алдымен жолда жүру ережелері туралы, мектепке ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тауарларын сатуға тыйым салу туралы, зорлық-зомбылық, буллинг, кебербуллинг бойынша дәріс өткізді.  
        Оқушылардан кері байланыс ретінде сұрақтар қойылды.

  • Лицей асханасы

    Қамқоршылық кенесінің және мектеп әкімшілігінің асханадағы тамақ сапасын және сан-гигиеналық талаптарын орындалуының тексеру барысы. Бракераждық комиссия.

  • Оқушылардың тамақтану мәзірі

  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ 2022-2023 о.ж.

  • Тамақтану 2022-2023 о.ж.

    Тамақтану 2024-2025 оқу жылына

  • КБО жеңімпаздары

    КБО жеңімпаздары

     

    📢📢📢Сүйінші !!!Мамыр айының 9-11 күндері Тараз және Шымкент қалаларында Республикалық «Kazakhstan Bilim Olympiad» KBO – 2019 финалы өтті. Лицейіміздің атынан 30 оқушы финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша 21 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ! 

    Гуманитарлық пәндер бағыты бойынша Тараз қаласы.

    🇬🇧 АҒЫЛШЫН ТІЛІ:

    🥇 1-орын – Мысанов Арғын (8-Б сыныбы)

    🥈 2-орын – Амантай Исмаил (8-Б сыныбы).

    🇹🇷 ТҮРІК ТІЛІ🥉 3-орын – Аблай Амир (8-А сыныбы).

    🇷🇺ОРЫС ТІЛІ

    🥇 1-орын – Төлеутай Асылбек (7-Б сыныбы)

    🥈2-орын– Бейсекеев Дамир (7-Б сыныбы)

    🥈 2-орын – Исаин Рустемхан (8-А сыныбы)

    🥉 3-орын – Касенов Қуат(9-А сыныбы)

    🥉 3-орын – Эренгаибов Султан (9-Б сыныбы).

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

    🥇 1-орын – Сайлаубаев Мухамедиар (9-Б сыныбы)

    🥇 1-орын – Бахитденов Ернур (7-А сыныбы)

    🥈 2-орын – Хамметов Алихан (7-А сыныбы)

    🥉 3-орын – Нұржан Ерқанат (8-Б сыныбы)

    🥉3-орын – Жұмаділ Әлихан (7-Б сыныбы)

    🥉3-орын – Кайдаров Амир (7-Б сыныбы).

    📖ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ🥉 3-орын – Тұрсынбаев Әділет (9-А сыныбы)

    Жаратылыстану пәндері бағыты бойынша (Шымкент қаласы).

    🌏 ГЕОГРАФИЯ

    🥈 2-орын – Кинаятов Арманбек (8-А сыныбы)

    🥈2-орын – Баударбеков Ескендір (7-А сыныбы).

    📚 БИОЛОГИЯ

    🥈 2-орын – Токшалов Алмас (8-А сыныбы)

    🥉3-орын – Бальжанов Имран (7-Б сыныбы)

    🥉3-орын – Хуат Жастілек (9-А сыныбы).

    🖥️ ИНФОРМАТИКА

    🥈2-орын – Мысанов Арман (8-Б сыныбы) #kbo2019 #Taraz #shymkent

  • Республикалық пән олимпиадасының Облыстық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі 13 орынға ие болды

     

     

    Павлодар қаласында 2019 жылдың 4-6 қаңтар күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық 57-ші олимпиада өтті.

    Лицейіміздің атынан 28 оқушы қатысып 13 оқушымыз жүлделі орынмен оралды.

    1-орын 🥇 Воробьев Валерий Информатика, 10-сынып.

                 🥇 Алмабек Абдульали Биология, 10-сынып.

    2-орын. 🥈Сайлаубаев Мухамедияр Тарих, 9-сынып

                  🥈Курмашев Серік Математика, 10-сынып

                  🥈Мысанов Арман Информатика, 8-сынып

                  🥈Толегенов Айтуар Биология, 10-сынып

    3-орын🥉Мұқаш Бақтияр Ағылшын тілі, 10 - сынып 

                🥉Мысанов Аргын Ағылшын тілі, 8-сынып

                🥉Ибраев Даниял Құқық , 10-сынып

                🥉Балашов Рамазан Биология, 9-сынып

                🥉Хуат Жастілек Биология, 9-сынып

                🥉Токшалов Алмас Биология, 8-сынып

                🥉Балғабай Улан Биология, 10-сынып

    Оқушыларымызды, ата-аналарын және де ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!Жарысқа қатысқан барлық оқушыларымызға РАҚМЕТ айтамыз. Үлкен жетістіктерге жетіңіздер !!!

  • Халықаралық жарыстан оқушыларымыз жүлделі оралды.

    Құттықтаймыз !!!🎉🎉🎉🎊🏅

    Лицейіміздің оқушылары Мысанов Арман мен Сулейменов Диас және жетекшісі Жакенов Абай өткен аптада яғни 22-26 қазан аралығында Ташкент қаласында өткен халықаралық "Internationalrobotschallenge " робототехника сайысында екі дәреже бойынша жүлделі III орынға ие болды.Сайысқа 50 ге жақын елдерден қатысушылар бақ сынасты.Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және де келешекте сәттіктер тілейміз!!!

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • Лицейімізде ата-аналар арасында спартакиада өтті.

    18/10/2018

    "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында лицейімізде САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ атты ата-аналар арасында спартакиада өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. 

    Сайыс Волейбол, Шахмат, Үстел теннисі, Қол күрес түрлерінен өтті.

  • Лицейіміздің 10-сынып оқушылары НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ қонақта !

    02/10/2018

    Оқушыларымыз Назарбаев Университетіне  АШЫҚ ЕСІК күніне катысып қайтты.   

  • Біздің мектебіміз ЮНЕСКО клубы мектептерінің қатарына кірді

    Целью деятельности Казахстанской Федерации Клубов ЮНЕСКО (KazFUCA) является:

    -пропаганда идеалов ЮНЕСКО, прежде всего, мира и терпимости, чувства ответственности за распространение идей мира;

    Задачами деятельности KazFUCA:

    -содействие развитию мирного общества, основанного на принципах солидарности, через образование, науку и культуру с целью дальнейшего всеобщего соблюдения справедливости, законов, прав человека и фундаментальных свобод народов всего мира для обеспечения культурного равноправия без дискриминации по расовому, половому, национальному, языковому или религиозному признакам.

    Предметом деятельности организации являются:

    -стимулирование, планирование и оценка программ ЮНЕСКО в Казахстане;

    -содействие открытию и утверждению новых Клубов ЮНЕСКО;

    -помощь в обучении членов Клубов ЮНЕСКО;

    -поддержка сотрудничества между клубами и Ассоциированными Школами ЮНЕСКО;

    -издательская деятельность в области науки, культуры и образования;

    -проведение опросов общественного мнения и других исследований;

    -проведение образовательных и тренинговых программ и семинаров по вопросам, входящим в спектр направлений ЮНЕСКО;

    -подготовка и реализация программ по профессиональным, научным и культурным обменам для детей, молодежи и взрослых.

  • Казроботикс-2017

    Казроботикс-2017
    19/05/2017

    Робототеxникадан облыстық фестивальда оқушыларымыз Балашов Рамазан және Амангелді Елдос "Кегельринг квадро KazRoboSport-2017" категориясында II орын иеленді. 

  • БТС

    БТС
    16/05/2017

    IV тоқсан қорытындысы бойынша Білім Тексеру Сынағы. 1-күн.
    Сәттілік!

  • 2-кезең

    2-кезең
    15/05/2017

Байланыс

  • "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты"
    Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп, 109
  • 8 (7187) 750 204

Фотогалерея

Map

Количество визитов: 264991