Сол мәзір

Оң мәзір

Конкурсты өткізу тәртібі

Тақырып

1. Конкурсқа қатысу үшін Үміткер құжаттарын Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес тапсыруы қажет. 

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

2 . Бірінші кезеңде Үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын  емтихан тапсырады. 

Бірінші кезеңде:

  • Математика және логика сұрақтары– 40 сұрақ, 
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ, 
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ, 

3.  Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*Бұрыс жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

4  Тестілеуге – 100 минут беріледі.

5 . Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, дәрісханадағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

6. Тестілеу кезінде қағаз нұсқалар қолданылады.

7. Үміткерге Сұрақ кітапшасы және Жауап парағы беріледі. Үміткер берілген тапсырмаларды Сұрақ кітапшасында орындайды, ал жауаптарды Жауап парағына белгілейді, есептерді шығару үшін қосымша парақ берілмейді. 

8. Конкурстың бірінші кезеңі аяқталған соң жергілікті БИЛ қабылдау комиссиясы Жауап парақтарын Орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

9. Конкурстың бірінші кезең емтиханының қорытынды нәтижесін тексеруді Орталық конкурстық комиссия мүшелері жүзеге асырады, бұл ретте нәтижелер үшін тек Жауап парақтарында белгіленген жауаптар есепке алынады, Сұрақ кітапшаларында жазылған ақпарат есепке алынбайды.

10.  Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі – тестілеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен соң қабылдау комиссиясының хабарландыру стендінде жарияланады (кешіктіру орын алса, алдын ала білім беру ұйымының әкімшілігіне хабар беріледі). 

  1. Конкурстың екінші кезеңі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиясы Қор президентінің бұйрығын басшылыққа ала отырып белгілейді.

9.1. Конкурстың екінші кезеңіне конкурстың бірінші кезеңінде   қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі (рейтингтік жоғары көрсеткіші ғана есепке алынады, яғни оқушының әлеуметтік жағдайы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар болуы және т.б. жағдайлары қарастырылмайды).

Екінші кезеңде:

  • Математика және логика сұрақтары– 55 сұрақ, 
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ, 
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ, 

Екінші кезеңнің емтихан тапсырмалары 75 тесттік сұрақтан тұрады. 

9.2. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап санының көрсеткіштері «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*Бұрыс жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

9.3. Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт – 120 минут.

9.4. Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, аудиториядағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

9.5. Конкурстық қабылдаудың екінші кезеңі аяқталған соң облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиялары Жауап парақтарын (осы Ережеде көрсетілген ретте) Орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

9.6. Екінші кезең тестілеу нәтижесін тексеруді Орталық конкурстық комиссия мүшелері жүзеге асырады, нәтижелер тек Жауап парақтарынан ғана есептеледі, Сұрақ кітапшаларында жазылған мәліметтер есепке алынбайды.

9.7. Қабылдау емтиханы, яғни, конкурстың екінші кезеңнің нәтижелері – екінші тестілеу өткізілген соң 15 (он бес) жұмыс күнінен кейін хабарланады.

9.8. Тестілеуге қатысты апелляция жұмыстары  (болған жағдайда) аяқталған соң, екінші кезең тестілеуі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Үміткерлер тізімі жарияланады.

Байланыс

  • "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты"
    Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп, 109
  • 8 (7187) 750 204

Фотогалерея

Map

Количество визитов: 210715