Лицейге қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең 29 сәуірде, екінші кезең 21 мамырда. Нәтижелері сәйкесінше 15 мамыр және 29 мамырда белгілі болады. Емтиханға қатысатын оқушыларды тіркеу сәуір айының 1-інде басталады. Емтихан тест түрінде болады.
Жалпы ережелер
- Үміткерлерді іріктеу ойлау қабілетінің деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде өткізіледі.
- Бірінші кезеңде математика және логика – 40 сұрақ , қазақ тілі-10 сұрақ, Қазақстан тарихы-10 сұрақ бойынша кешенді тестілеу өткізіледі.
- Тест 60 сұрақтан тұрады. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. (Белгіленбеген сұрақ қате болып саналмайды) Қалған дұрыс жауаптары 1,5-ке көбейтіледі.
- Тестілеу бойынша 60 сұрақтан тұратын емтихан тапсырмаларын орындауға 100 минутберіледі. (Емтихан материалдарын тарату мен жауап парағының қызметтік секторларын толтыруға, дәрісханадағы тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.)
- Тестілеу кезінде қағаз нұсқалар қолданылады.
- Тестілеу кезінде қағаз нұсқасын қолданғанда үміткерге сұрақ кітапшасы, жауап парағы беріледі. Үміткер қажетті есептерді сұрақ кітапшасында орындайды, дұрыс жауаптар жауап парағына енгізіледі.
- Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
- Тестілеу нәтижесін тексеруді орталық конкурстық комиссия мүшелері жүргізеді, бұл ретте нәтижелері тек жауап парақтарынан ғана саналады, сұрақ кітапшалары қаралмайды.
- Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қабылдау комиссиясы жариялайды.
- Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткен соң өткізіледі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.
- Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезең қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі (рейтинг бойынша).
- Екінші кезеңде математика және логика – 55 сұрақ , қазақ тілі-10сұрақ, Қазақстан тарихы-10 сұрақ бойынша тестілеу өткізіледі.
- Тест 75 сұрақтан тұрады. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Қалған дұрыс жауаптары 1,5-ке көбейтіледі.
- Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -120 минут.
- Екінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
- Тестілеу нәтижесін тексеруді орталық конкурстық комиссия мүшелері жүргізеді, бұл ретте нәтижелері тек жауап парақтарынан ғана саналады, сұрақ кітапшалары қаралмайды.
Конкурс нәтижелерiн қайта қарау тәртібі
-Үміткер конкурс тапсырмаларының нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің қорытындысы хабарланған соң бір күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы.
-Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:
-Апелляция барысында конкурс тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы тексеріледі. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
-Апелляциялық комиссия конкурс тапсырмаларының нәтижесін өзгерiссiз қалдыру немесе өзгерту туралы шешiм қабылдайды, үміткерге не себепті ұпай қосылғандығы туралы конкурстық комиссияға ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларға хабардар етеді.