Үміткерлерден құжаттарды қабылдау процесінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі-Қор) Президентінің бұйрығымен саны – 7 (жеті) адам, Қор басшылығы, әдіскерлер және Қор мамандарынан тұратын Орталық қабылдау комиссиясы құрылады.
БИЛ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, БИЛ-ге оқуға қабылдаудағы конкурс (бұдан әрі-Конкурс) кезеңдерінің мерзімдерін Орталық қабылдау комиссиясы белгілейді.
Облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Үміткерлерден құжаттарды қабылдау процесі Қор президентінің бұйрығы шыққан уақыттан бастап БИЛ директоры бұйрығымен саны – 5 адам, лицей педагогтары мен мамандарынан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі.
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
3) 3*4 фотосурет (2 дана);
4) тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген оқудағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (6 сынып Табель)